00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елімізден дәрі-дәрмек шығаруға алты ай мерзімге тыйым салынады

25.02.2023 | 03:12
Елорда ақпарат
44

Құжат Ашық НҚА порталында жарияланған.

Кез келген формадағы дәрілік заттарды, соның ішінде фармацевтикалық субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдар мен сурдотифлотехниканы қоса алғанда, медициналық бұйымдарды, сондай-ақ олардың өндірісіне қажетті материалдар мен құрамдас бөлшектерді шығаруға алты ай мерзімге тыйым салынады, - делінген құжатта.

Тыйымның мына тауарларға қатысы жоқ:

  • Қазақстан аумағынан тыс басталатын және аяқталатын транзиттік тасымалдармен тасымалданатын тауарлар;
  • пациенттердің тапсырысымен тек жеке пайдалану мақсатында дайындалған медициналық бұйымдар;
  • шет елдерге халықаралық гуманитарлық көмек көрсету үшін жөнелтілген тауарлар;
  • бөлшек сауда аясында жеке пайдалану мақсатында әкелінген және сатып алынған тауарлар;
  • МӘМС жүйесі бойынша немесе кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында алынған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар;
  • көрме өткізу үшін одан әрі сату құқығынсыз көрмеге қойылатын дәрілер мен медициналық бұйымдар үлгісі;
  • клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер немесе сынақтар өткізу үшін түскен үлгілер;
  • денсаулық сақтау ұйымдарында оларды қолдану жерінде дайындалған радиофармацевтикалық дәрілік препараттар;
  • мемлекеттік тіркеудегі сараптама жүргізуге арналған үлгілер;
  • пациенттің немесе оған таңдалған донордың аутологиялық биологиялық материалдарын пайдаланып жеке қолдану үшін өндірілген жетекші терапияның дәрілік заттары;
  • ЕЭО кеден аумағына келген көліктердің жолаушылары мен экипаж мүшелерін, пойыз бригадалары мен жүргізушілерін емдеуге арналған дәрі-дәрмек;
  • халықаралық мәдени, спорт шаралары мен халықаралық экспедици қатысушыларын емдеуге қажетті дәрілік заттар.

Бұйрық жобасы 6 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

Барлық жаңалықтар