00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстанда көпбалалы отбасыларға тегін баспана беріле ме

25.02.2023 | 02:51
Елорда ақпарат
45

WhatsApp мессенджерінде тараған хабарламада әр балаға 60 мың теңгеден жәрдемақы төленеді, әйелдер мен ерлердің зейнеткерлік жасы, тиісінше, 55 және 60 жасқа дейін төмендетіледі, халықтың тұтынушылық несиесі түгел жойылады, ал көпбалалы отбасыларға елдің кез келген қаласынан тегін баспана беріледі делінген. Бұл жалған.

Елімізде мұндай реформа жүргізілген жоқ.

Аталған идеялардың авторы қазақстандық журналист Ербол Мәндібек. Ол бұл туралы биыл 13 наурызда Facebook-тегі парақшасында жазып, мұның дайындалып жатқан реформа немесе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөздері емес, өз ойы екенін айтқан. Алайда, тарап жатқан хабарламада бұл нақтылаулар жоқ, - делінген Stopfake.kz хабарламасында.

Барлық жаңалықтар