00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Шымбұлақта қар көшкіні болып, бір адам қаза тапты

25.02.2023 | 02:20
Елорда ақпарат
36

Белгілі болғандай, таңертеңгі сағат 10.58-де курорт құтқарушыларына Комби-2 сегізінші баған аумағында көшкін жүргені туралы хабар түскен. Оқиға орнына сағат 11.02-де келген құтқарушылар қар көшкіні маңынан денені тапқан.

Құтқару операциясы үш минуттан аспады. Сағат 11.05-те шаңғышы шала жансар күйде табылды. Ол сырғанауға рұқсат етілген таңбаланған трассалар шегінен шығып, қоршау арқылы сырғанаудан тыс аймаққа ұшып кеткен. Ер адамда қар көшкін жабдықтары болмаған, – деді курорттың баспасөз қызметінің өкілі.

Сағат 11.25-те ол медпунтке жеткізілді, ол сағат 11.29-да сол жерде қаза болды.

Ер адам бас жарақатын алған. Курорт әкімшілігі отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтады, – делінген хабарламада.

 

Барлық жаңалықтар