00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

ІІМ сенім телефонына келіп түскен әрбір өтініш мұқият тексеріледі

24.02.2023 | 22:02
Елорда ақпарат
31

«ІІМ сенім телефонының» нәтижелері халықтың полицияға деген сенім деңгейі артқанын, тұрғындар мен полиция қызметкерлері арасындағы байланыстың жақсара түскенін айқын көрсетеді. Мемлекет басшысының полицияны сервистік жұмыс моделіне көшіру туралы тапсырмасында дәл осындай меже көзделген болатын. Сондықтан қазіргі уақытта ішкі істер органдарының қызметкерлері азаматтардың әрбір өтініші заңды шешімдер қабылдаумен мұқият қаралуы тиіс екенін түсінеді. ІІМ қызметтері келіп түскен барлық хабарламалардың нақты мониторингін қамтамасыз етеді және оларды толық шешкенге дейін қараусыз қалмауын қадағалайды. Ішкі істер министрі қызметтер мен аумақтық бөлімшелердің басшыларына азаматтардың конституциялық құқықтарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді, барлық тергеу әрекеттерін қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларын қатаң сақтай отырып жүргізуді тапсырды. Бұдан басқа, министр әрбір өтініш бойынша мұқият тексеру жүргізуді, оның нәтижелерін өтініш бастамашыларына жеткізуді немесе оларды интернет ресурстарда орналастыруды талап етті, – делінген хабарламада.


 

Барлық жаңалықтар