00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Жамбыл облысында қару-жарақ сақталған қойма табылды

24.02.2023 | 21:56
Елорда ақпарат
42

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік шекарадан екі шақырым жерде атыс қаруы сақталған қойманы анықтады. Жасырын жерден 4 тапанша мен 6 бірлік йір ойық және тегіс ұңғылы қару түрлері алынды. Осы факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, 14 қаңтарда "Қордай" автожол бекетінде Қырғызстан азаматы ұсталды. Көліктің жүк салғышын тінту кезінде ер адамда 50 литрлік мөр, 4 халықаралық төлқұжат, 20 банк картасын тапқан.

 

Барлық жаңалықтар