00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Бүгін ауа райы қандай болады

24.02.2023 | 21:42
Елорда ақпарат
22

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел күшейіп, бұрқасын күтіледі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында күндіз синоптиктердің болжауынша, жел жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болып, қар жауады, облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Батыста, оңтүстікте, Атырау облысының орталығында тұман, көктайғақ,  күтіледі, күндіз батыста, облыс орталығында жел жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Маңғыстау облысында көктайғақ болып, қар жауады. Батыста, күндіз облыс орталығында жел жылдамдығы 15-22 м/с-ке күшейеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктеріндегі аймақтарында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түсіп, күндіз оңтүстік-батыста, облыстың батысында жел жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшейіп, бұрқасын соғады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында аздаған бұрқасын болады, күндіз батыста, облыс орталығында жел жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Таңертең және күндіз солтүстікте, Қызылорда облысының орталығында көктайғақ, тұман болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында қарлы боран соғып, түнде облыстың батысында тұман түседі.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында көктайғақ, тұман, облыстың оңтүстік-батысында және таулы аймақтарда жел жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Ақмола облысының оңтүстік жартысында күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде аздаған бұрқасын соғады.

Қостанай облысының шығысында түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі.

Барлық жаңалықтар