00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

МИБ-ті құруда елордалықтар қандай қиындықтарға тап болады

24.02.2023 | 20:47
Елорда ақпарат
30

Бүгінгі таңда 2 859 тұрғын үйдің 583-і МИБ нысанына көшті. Ал қалған бөлігі ЖС нысанын қарастыруда. Басқарудың жаңа нысанына өтудің шамамен алынған пайызы 58,3 құрайды.

Мүлік меншік иелері екінші деңгейлі банктерде өз шоттарын ашып, Астана-ЕРЦ бірыңғай есеп айырысу орталығымен қызмет көрсету шартын жасасты. Ай сайынғы түбіртектер арқылы басқару және күтіп-ұстау қызметтері үшін ақы төлейді.

Әрі қарай, МИБ төрағалары банктік мобильді қосымшалардың көмегімен немесе тікелей қызмет көрсететін терезелер арқылы қызмет жеткізушілеріне қолма-қол ақшасыз есеп айырысу түрінде төлейді.

Үй маңындағы аумақты тазалау, кіреберістердегі едендерді жуу, инженерлік жүйелерді жөндеу және көппәтерлі тұрғын үйдің басқа да үйге ортақ бөліктеріне қызмет көрсету сияқты барлық қызметтер орындалған жұмыстардың қол қойылған актісі негізінде төленеді.

Меншік иелері әрдайым үйді күтіп ұстау бойынша қызмет көрсетілгеніне немесе көрсетілмегеніне көз жеткізе алады. «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының жаңа талаптарына сәйкес, МИБ төрағалары мен үй кеңесінің мүшелері ай сайын есеп дайындауы керек.

Елорданың көптеген МИБ-терінде төрағалар өз міндеттемелерінің сапалы орындалуын көрсетті және мүлік меншік иелері оларды екінші жылға қайта сайлады. Естеріңізге сала кетейік, жаңа талаптар бойынша төрағалар немесе сенім білдірілген тұлғалар бір жыл өткен соң қайта сайлануы тиіс.

Әрине, кемшіліктер бар. МИБ төрағасына әрқашан меншік иелері арасында тілек білдірушілер табыла бермейді. Сондай-ақ көптеген мүлік меншік иелері үшін шатырларды, инженерлік жүйелерді, қасбеттерді қалпына келтіру реформасы аясында бағдарламалар қажет. Меншік иелері күрделі жөндеу жұмыстардың мұндай түрлерін өз мойнына алуға дайын емес. Бұл ретте, меншік иелері басқарудың бұрынғы нысандарының жосықсыз жетекшілерінің әрекеттері осындай жағдайға әкелді деп санайды. Тұрғын үй қорын бақылаусыз басқару орын алды және мораторийге байланысты әсер ету тетіктері болмады. Көптеген меншік иелеріне өздерінің «ПИК»-ін тіркеуден бас тартылды және олар қаражаттың мақсатсыз пайдаланылғанын біле отыра орнында қалуға мәжбүр болды. Осылайша, мүлік меншік иелерінің өтініштері мен үндеулерінің негізінде ең болмағанда күрделі жұмыс түрлері бойынша жұмыстарды сатып алуға субсидиялар, бағдарламалар мен тетіктер қажет. Мамандарды жалдау шығын материалдарын сатып алудан гөрі қымбатқа түседі. Білікті мамандар жоғары ақы сұрайды, ал меншік иелері бұл жағдайға қаржылай дайын емес, - деді елорда МИБ орталығының басшысы Гүлвира Абетова.

Мүлік меншік иелері өздері тұратын жері үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға асықпайтын тұрғын үйлердің болуы туралы сәт маңызды болып қала береді. Әдетте, мұндай тұрғын үй кешендерінен аумақты сапасыз жинау, үй маңындағы учаскеде қар жиналу, пәтерлерге су берудің нашар қысымы және бүкіл үй бойынша жылу біркелкі бөлінбеуі (біреуінде ыстық, басқаларында суық) бойынша шағымдар мен өтініштердің жоғары пайызы жинақталады. 

МИБ құру мен қызметінің барлық мәселелері бойынша Республика даңғылы, 32 мекенжайы бойынша МИБ орталығына хабарласуға болады.

Барлық жаңалықтар