00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Бүлдіршіндерді ұрған балабақша тәрбиешісі өз-өзіне қол жұмсады

24.02.2023 | 20:47
Елорда ақпарат
34

Кеше жекеменшік балабақша тәрбиешісінің ерсі қылығы бейнеленген видео әлеуметтік желілерде тараған еді. Ата-аналар балалардың еріні жырылып, денесінде көгерген іздер қалғанын айтқан болатын. Артынша полиция сол оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді. Бүгін тәрбиешінің өзіне қол жұмсағаны анықталып отыр.

Алматы қалалық ПД 1979 жылы туған Б. есімді азаматшаның өзіне-өзі қол жұмсағанын растайды. Қазіргі таңда Жетісу аудандық ПБ қызметкерлері ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Оқиғаның мән жайы анықталуда, - деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Барлық жаңалықтар