00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

«6 секунд қой!»: Қасапшы келіншек көпті таңғалдырды (ВИДЕО)

24.02.2023 | 20:38
70

Ақеркенің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бұл істі екі жыл бұрын қолға алғанын баяндайды. Айтуынша, екі жыл бұрын жақындарының үлгермей жатқанын көріп, аяқ астынан сиыр сойып, қасапшы келіншекке айналыпты.

Жұрттар бірінші лақ сойып үйреніп, сиыр союшы еді, мен сиыр сойып, лақты енді үйрендім. Сиыр терісін сыпыруға 40 минут уақытым кеткен, лақ 6 секунд ғой. Қолды терінің ішіне тығып жіберіп алып қалсаң, лақ дайын! – дейді Ақерке Үсенова. 

Алайда желі пайдаланушылар Ақеркенің бұл кәсібіне қарсылық танытты. Олардың уәжі – қазақта малды әйел адам бауыздамайды деген наным. Бұл сынға қасапшы келіншек былай жауап берді:

Малды қайын атам бауыздап береді. Ол кісі болмаса, көшеден ер балаларды шақырып аламын. Маған бауыздап берсе болды, ары қарай терісін сылып, етті өзім бұзамын, - дейді қасапшы келіншек. 

27 жастағы ол мал шаруашылығынан бөлек, бала тәрбиесі мен келіндік міндетін ойдағыдай атқарып, сыйлы келін атанып жүр.

Барлық жаңалықтар