00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Оқушыларды тасымалдайтын көлік өртке оранды (ВИДЕО)

24.02.2023 | 20:32
Елорда ақпарат
33

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 23 желтоқсанда түстен кейін Ефремовка және Даниловка ауылдары арасындағы тасжолда орын алған.

Ашық аумақта 2007 жылғы ГАЗель автокөлігі толығымен жанып кетті. Өрт аумағы 8 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін жүргізушімен бірге алты бала эвакуацияланды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бұл жерде көлікте болған өрт сөндіргіш қолданылмағаны нақтыланды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған, – деп атап өтті Павлодар облысының ТЖД баспасөз қызметі.

Оқушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Барлық жаңалықтар