00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

«Бөтен адам көрсе, жылай бастайды»: Есінен ауысқан сарбаздың анасы мәлімдеме жасады

24.02.2023 | 20:27
26

Orda.kz сайтының жазуынша, ол ұлына әлімжеттік көрсеткендерге қарсы қылмыстық іс алға жылжымай жатыр деп шағымданды. Сондай-ақ сарбаздың анасы Ренатты ұрып-соғып, осындай күйге жеткізген Ақтаудағы 25/744 әскери-теңіз күштерінің сержанттары әлі бостандықта тыныш өмір сүріп жатқанын айтты.

Ренаттың жақындары ол әскерден оралғалы үйде тыныштық кетті дейді.

Дені сау жігітті әскерге жібердік, мүлде бөтен адам қайтып келді. Балам өлген адам сияқты: ешқайсысымызды танымайды, бөтен адамдарды көрсе, жылай бастайды. Осының бәрін көріп, менің жүрегім сыр бере бастады. Жақында жұбайым инфаркт алды. Арал ауданында баламның жанында пәтер жалдап тұрған жерімнен, үйге қайтуға тура келді. Ол облыс орталығынан 800 шақырым жерде. Ренат Қызылордадағы ауруханада қалды, – дейді көзіне жас алған Ренаттың анасы.

Ренаттың үйге қайтып келгеніне екі ай болды. Оның анасы осы уақытқа дейін военкоматтан, Қорғаныс министрлігінен қылмыскерлердің жазаға тартылғаны туралы жаңалық күтіп келеді.

Неге біздің военкомат бұл мәселеге атсалыспайды. Неге олар Ақтау теңіз флотында іс қалай жүріп жатқанын сұрап білмейді? Әскерге дені сау жігітті жібердік қой. Ешкімнен жауап ала алмай отырмыз. Оның үстіне қазір отбасымызға психологиялық зорлық-зомбылық жасалып жатыр. Белгісіз біреулер күйеуімнің нөміріне қоңырау шалып, үндемей отырады. Қайта хабарласса, тұтқаны көтермейді. Соған қарағанда баламның сержанттары. Осының барлығынан кейін ол мүлде жатып қалды, – дейді Айғаным.

Жеткергеновтер отбасының адвокаты Нұржамал Баянова іс ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жүргізіліп жатқанын айтты. Ол желтоқсан айының басында Қорғаныс министрімен кездескен.

Отырыстың барлық қыр-сырын аша алмаймын, бірақ бұл іске жауаптыларды жұмыстан шеттету және алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу жөнінде тапсырма берілгенін айта аламын, – деді ол.

Еске салсақ, Ренат Жеткергенов Ақтаудағы 25/744 Әскери-теңіз флотында әскери борышын өтеген. Үйге оралған сарбаз өзін ерсі ұстаған. Ол ата-анасын танымай қалған. Жақындары ұлдарының әскерде қорлық көргеніне сенімді.

Барлық жаңалықтар