00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстанда жыныстық сауатты арттыратын чат-бот іске қосылды

24.02.2023 | 20:16
Елорда ақпарат
44

Чат-бот қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді. Оны Telegram желісінде @aspanchatbot деп теру арқылы табуға болады.

Aspan есімді робот жасөспірімдер мен ересектерге қарым-қатынас, денсаулық, физиология, психология және жыныстық мәселелер бойынша сұрақтарға жауап табуға көмектеседі. Бұл жұмысқа дәрігерлер, психологтар, заңгерлер және зерттеушілер жұмылдырылған. 

“Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шетелден ондаған волонтер кейіпкерді ойлап тауып, оның жұмысын түсінікті етуге көмектесті, материал жазды және чат-ботты тестілеуден өткізді”, – дейді UyatEmes редакциясы. 

Аталмыш чат-бот жобасын UyatEmes өкілдері былтырғы қазан айынан бері UNESCO IITE,  ЮНЕСКО Алматы және Soros Foundation-Kazakhstan-мен бірлесіп әзірлеген.

Барлық жаңалықтар