00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

МӘМС: биыл елордада 5,8 мың ота жасалды

24.02.2023 | 19:51
Елорда ақпарат
43

Брифингте Медициналық сақтандыру қорының елорда бойынша филиалының жыл басынан бергі қызметі, медициналық көмек, КВИ бойынша медициналық қызметтерге бөлінген қаражат, оңалту қызметтері және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

«Алдын ала қорытынды бойынша, биыл елордада МӘМС бойынша медициналық көмекке 67,4 млрд теңге жұмсалды. Оның ішінде, консультативтік-диагностикалық көмекке – 10,9 млрд, стационарды алмастыратын көмекке – 3,9 млрд, скринингтік зерттеулерге – 257,5 млн, онкогемотологияға – 300,8 млн  жіберілген», - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Қазіргі күні Қор Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 113 медициналық қызмет жеткізушімен шарт жасады. Оның 76-сы – жекеменшік клиникалар. Жыл өткен сайын тұрғын халыққа медициналық қызмет көрсететін жекеменшік қызмет жеткізушілер үлесі артуда.

«Бұл пациенттің үздік клиниканы таңдауына мүмкіндік береді. Медициналық қызмет жеткізушілер тізімін Қордың  fms.kz сайтынан қарауға болады», - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

МӘМС енгізілгелі бері амбулаториялық деңгейде дәрілік көмектің де қолжетімділігі артты. Бұрын пациенттер 45 сырқат-дерт бойынша препараттар алатын болса, қазір 138 ауруға байланысты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.

2021 жылдың алдын ала қорытындысы бойынша Қор активі есебінен елорда стационарларында жоспарлы түрде 91 460 пациент емделді. Оған  43 млрд 537 млн 25 мың теңге жұмсалды.

Ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер бойынша, жоспарлы емдеуге жатқызуға кезектің төмендегені байқалады. Пациенттердің 1%-ы ғана ауруханаға жату үшін бір айдан аса уақыт күткен. 2020 жылы пациенттердің 5%-ы бір айдан астам күту парағында тұрған.

2021 жылы 28 мыңнан аса босандыру қызметі қаржыландырылған.

«Былтырмен салыстырғанда,  биыл жүргізілген ота саны артып отыр. Тек жоғары технологиялық медициналық қызметтің көмегімен қосымша МӘМС бойынша 5,8 мың ота жасалып, оған 13,4 млрд теңге жұмсалды. Кардиохирургиялық ота 2 мың пациентке жасалса, нейрохирургиялық ота (нейронавигациялық жүйе қолданылған) – 1 мың аса адамға, ортопедиялық ота – 2 мыңнан аса пациентке жасалды», - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Барлық жаңалықтар