00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

115 жылқы ұрлады деген күдікті Мәскеуде ұсталды

24.02.2023 | 19:50
Елорда ақпарат
19

Павлодар облысының 54 жастағы тұрғыны сот төрелігінен қашып, елден тыс жерге кеткен.

Полиция қызметкерлері Ресей Федерациясы Мәскеу қаласының қылмыстық іздестіру бойынша әріптестерімен бірлескен жедел іс-шаралары нәтижесінде, қашқынның жүрген жерін анықтады.

“Ер адам Мәскеу метроларының бірінде ұсталды. Ол полициядан үш жыл бойы жасырынған. Қазіргі уақытта бірқатар қажетті тексерулер жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау туралы мәселе шешілетін болады”, – делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар