00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Алдағы мереке күндері қосымша пойыздар жүреді

24.02.2023 | 19:49
Елорда ақпарат
36

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл қарсаңында қосымша үш жолаушылар пойызын іске қосады:

1) №202/201 «Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол-Шымкент» пойызы Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол станциясынан 2021 жылғы 15, 26, 29 желтоқсанда, 2022 жылғы 2 және 7 қаңтарда, кері Шымкент станциясынан 2021 жылғы 16, 27, 30 желтоқсанда, 2022 жылғы 3 және 8 қаңтарда жөнелтіледі.

2) №204/203 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Алматы-1» пойызы Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол станциясынан 2021 жылғы 15, 27, 29 желтоқсанда, 2022 жылғы 3 және 8 қаңтарда, кері Алматы-1 станциясынан 2021 жылғы 16, 28, 30 желтоқсанда, 2022 жылғы 4 және 9 қаңтарда жөнелтіледі.

3) №206/205 «Ақтөбе-Қызылорда» пойызы Ақтөбе станциясынан 2021 жылғы 14, 18, 24, 28, 30 желтоқсан, кері Қызылорда станциясынан 2021 жылғы 15, 19, 25, 29, 31 желтоқсан жөнелтіледі.

Бұдан басқа, жолаушылар тасымалдауға жоғары сұранысқа ие бағыттар бойынша қосымша вагондар тіркеу ұйымдастырылады.

Барлық жаңалықтар