00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Қарағандыдағы ірі ауданның атауы өзгерді

24.02.2023 | 19:46
Елорда ақпарат
45

Бүгін Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен облыстық мәслихаттың кезекті IX сессиясы өтті. Сессия шешімімен бұған дейін де бірнеше рет көтерілген Октябрь ауданының атауын өзгерту мәселесіне нүкте қойылды.

«Сессияда Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан есімін беру туралы бұрын дайындалған әкімдік пен мәслихаттың бірлескен қаулысы қаралды. Енді аудан Әлихан Бөкейхан ауданы болып аталмақ. Тиісті құжаттар Әділет министрлігіне тіркеуге жіберілді», - деді Қарағанды ​​облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма өкілі.

Айта кетейік, биыл наурызда Қарағандыда Октябрь ауданының атауын өзгерту бойынша қоғамдық тыңдаулар болды. Тыңдаулар қаланың әртүрлі бөліктеріндегі 15 жерде өтті. Аудан атын өзгерту туралы шешім көпшіліктің дауысымен бекітілді.

Барлық жаңалықтар