00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қандай әдеттер кәріліктің келуін баяулатады

24.02.2023 | 18:41
Елорда ақпарат
74

“Қантты көп қолдану диабет және жүрек-қантамыр аурулары секілді кәрілік белгілерін туғызуы мүмкін, сондықтан тамақ рационындағы қанттың мөлшерін азайту кәрілікті баяулатып, метаболизмнің бұзылуын жояды және ағзаның жалпы жағдайын жақсартады”, – дейді басылым авторлары. 

Кәрілікті баяулататын тағы бір әдет – ресвератрол ішу. Мамандардың айтуынша, бұл антиоксидант қызыл жүзімде, қарақатта, жаңғақта және тұт ағашында бар, оң әсері сезілуі үшін күніне оның мың миллиграмын тұтынған дұрыс. 

Үшінші пайдалы әдет – D3 дәруменін қолдану. Зерттеулерден белгілі болғандай, ағзадағы D3 деңгейі өлім қаупіне кері пропорционал. Егер ағзада ол жетіспеген жағдайда адам жүрек-қантамыр аурулары, қатерлі ісік, инфекцияға шалдыққыш келеді, сондай-ақ когнитивті функциясы төмендейді, депрессия, остеопороз, гипертония және екінші типтегі диабетке шалдығады.

Барлық жаңалықтар