00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Кофе мен шай инсульт пен деменцияның алдын алуы мүмкін

24.02.2023 | 18:27
Елорда ақпарат
48

Ғалымдар UK Biobank медициналық базасындағы 50 мен 74 жас аралығындағы 356 мыңнан аса адамның деректерін талдаған. Зерттеуге қатысушылар күнделікті шай мен кофе тұтынымы жайында сұрақтарды қамтитын анкеталарды толтырған. Олардың хал-жағдайы он жыл бойы бақыланған.

Нәтижесінде күніне төрт-алты саптыаяқ кофе мен шай ішкендерде бұл сусындарды мүлдем ішпегендерге қарағанда инсульт пен деменцияға шалдығу қаупі төмендеу болғаны анықталған. 

Профессор Кевин МакКонвейдің айтуынша, белгілі бір деңгейден кейін, нақтырақ айтсақ, күніне жеті-сегіз саптыаяқ кофе мен шай ішкен соң әлгі ауруларға бейімділік қайтадан жоғарылайды. 

Бүгінде әлемдегі әрбір оныншы өлім инсульттан болады, алайда инсульттың 90 пайызының алдын алуға болады. Инсульт пен деменция өзара байланысты.

Барлық жаңалықтар