00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Жамбыл облысында дүлей жел жүк көлігін аударып тастады (ВИДЕО)

24.02.2023 | 18:23
Елорда ақпарат
27

Облыстық Полиция департаменті көлік жүргізушілеріне ескерту жасап, алыс жолға шықпауға өтініш жасады. Өңірде желдің екпіні секундына 30 метрге дейін күшейіп кетті.

"Азаматтарды ауа райын ескере отырып, автокөлікпен ұзақ сапарларды алдын ала жоспарлауға және құтқару қызметінің хабарламаларына назар аударуға шақырамыз. Ал ауа райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерге шықпаған дұрыс. Ондайда көліктің балама түрін пайдаланған жөн", - дейді полицейлер.

Әлеуметтік желіде кейбір тасжолдардың жабылғаны туралы ақпарат тарала бастады. Бір видеодан тіпті қатты желдің екпінінен Газель көлігінің аударылып қалғанын көруге болады. 

Ал Тараздың өзінде қатты дауылдың салдарынан жарық өше бастады. Құтқарушылардың айтуынша, стратегиялық маңызы бар нысандарда автономды энергия көздері қарастырылған. Ал тұрғын үйлерде жарық жоқ.

"Ия, дауыл салдарынан әр жерде жарық өшті. Мамандар жұмыс істеп жатыр", - дейді әкімдік қызметкерлері.

Барлық жаңалықтар