00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

СҚО: 233 елді мекен таза ауыз сумен қамтамасыз етілмеген

24.02.2023 | 18:21
Елорда ақпарат
33

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Ілиясов облыстағы елді мекендерді сумен қамту мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, ауыл халқының 82,9 %-ы, яғни 402 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Тағы 51,3 мың адамның немесе 233 елді мекенде таза су мәселесі шешілмей отыр.

Биыл сумен жабдықтауға 11,4 млрд теңге бөлінбек, бұл өткен жылға қарағанда 1,8 есе жоғары. Жұмыстар 48 мың тұрғыны бар 49 елді мекенде жүргізіледі. Нәтижесінде 174 шақырым сумен жабдықтау желілері қалпына келтіріледі, бұл шамамен 3 мың үйдің суға қосылуына мүмкіндік бермек.

«2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында сумен жабдықтау нысандарын салу және қайта құру бойынша 13 жобаны және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арқылы су бұру бойынша 2 жобаны іске асыруға 5,5 млрд теңге жұмсалмақ. Осы жобаларды жүзеге асыру арқылы 46,2 км таратушы және 4,1 км су бұру желілерін ауыстыру жоспарланған», - деді Бақыт Ілиясов.

Бұдан бөлек, «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» және «Ауыл – Ел бесігі» жобалары аясында бірқатар елді мекендерде тұрғындарды үздіксіз сумен жабдықтау үшін резервуарлар мен сорғы станциясын іске қосу жоспарланған.

Барлық жаңалықтар