00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Солтүстік Қазақстан облысында 19 балалы отбасы бар

24.02.2023 | 18:20
Елорда ақпарат
42

Сулышоқ – ат төбеліндей ғана ауыл. Бар-жоғы 50 шаңырақ түтін түтетіп отыр. Нүсіповтер отбасысы 2017 жылы Қызылжар өңіріне «Еңбек» бағдарламасы бойынша оңтүстіктен қоныс аударған. Жергілікті кәсіпкерлер оларға алты бөлмелі баспана алып берген. Гүлнұр бірден Сулышоқ мектебінің директоры қызметіне тағайындалды. Дәл осы кезде тұрғындары жан-жаққа үдере көшіп, бала саны азайып кеткен білім ошағын жабу жөнінде шешім шығарылған болатын. Мектеп жабылса, ауыл құритынын жақсы түсінген ерлі-зайыпты бұған жол бермеуді ұйғарады.

«Тұңғышымды босанғанда перзентханада тастанды балалар болды. Соларға қарап жүрегім сыздады. Кішкентай ғана шарананы шырылдатып қалай тастап кетуге болады? Үйге сәбиімді құшақтап келсем де, көңілім сол жетімектер үшін жабырқау болды. Күйеуім мен енемді сол балаларды асырап алуды өтіндім. Бірақ жолдасым ондай қадам жасауға дайын еместігін айтты. Мен оны түсіндім. Бала тәрбиесі – үлкен жауапкершілік. Бірақ жетімдер туралы ой мені мазалай берді. Екінші бала туғанда да үйге тастанды балаларды көріп оралдым. Бәрі өз жөнімен. Енді міне 12 баланы бауырымызға басып отырмыз», - дейді Гүлнұр Ахаева.

Көп ұзамай көпбалалы ана директорлық қызметтен бас тарқан. Қазір қатардағы мұғалім. Мансап пен бала тәрбиесі арасында таңдау жасауға тура келгенде көп ойланбапты. Негізгі жұмысынан бөлек тігіншілікпен де айналысады. Анасы өзін үйренген өнерге қыздарын баулып жүр.

Үйдің тұңғышы 19-да болса, кенжесі 2 жасқа енді толды. Аға-әпкелері кішкентайларына қамқор. Тамақ пісірсе де, мал қайырса да ата-анасының жанынан табылады. Отағасы Асхат та балаларын қатардан қалдырмау үшін екі жұмысты қатар істеп жүр.  Ешкімге алақан жайғысы келмейді. Мақсаты – ұл-қыздарын жақсы адам етіп тәрбиелеу.

 

Барлық жаңалықтар