00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Қарағандыда ірі жол апаты болды (ВИДЕО)

24.02.2023 | 18:19
Елорда ақпарат
24

Қарағанды ​​– Саран – Шахтинск тасжолының Ақтас ауылының маңында Nissan Sunny көлігі мен ПАЗ автобусы соқтығысты.

Алдын ала мәлімет бойынша, Nissan Sunny көлігінің 33 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, автобуспен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Көлік қатты зақымдалған. Марқұмның денесін құтқарушылар шығарған.

«Жол апаты кезінде автобуста бес адам болған. Олар зардап шеккен жоқ. Факті полицияда тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады» – деп хабарлады Қарағанды ​​облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Барлық жаңалықтар