00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Тұрғындардың алтын бұйымдарын иемденгісі келген күдікті ұсталды

24.02.2023 | 18:16
Елорда ақпарат
33

Белгілі болғандай, Тараз қаласы полиция бөліміне облыс орталығының тұрғындары арыз жазған. Айтуларынша, 2021 жылдың сәуір-тамыз аралығында бейтаныс әйел адам сенімге кіріп, ломбардқа алтын бұйымдарын уақытша өткізгені үшін ақшалай сыйақы беремін деп алдаған.

Polisia.kz мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлерімен 31 жастағы Тараз қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті өз кінәсін мойындап, қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-тармағымен (Алаяқтық) жүргізіліп жатыр. Мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға көрсетілген.

Барлық жаңалықтар