00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Шағын грант жеңімпаздары «Демеу» жобасы бойынша тегін көмек көрсетуде

24.02.2023 | 18:12
Елорда ақпарат
41

Аталмыш жоба «Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры» ЖҚ және  «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ  қолдауымен жүзеге асырылуда. Мақсат – ауыл тұрғындарына білікті, қолжетімді және тегін құқықтық, психологиялық, медициналық көмек көрсету және оның қолжетімділігін арттыру.

Жобаны іске асырушылардың қатарында заңгерлер – Сембай Ысқақов, Жібек Мүкеева, психолог – Құндыз Аманжолова, терапевт – Мөлдір Ділдабай сияқты білікті мамандар бар. Олар қиын жағдайға тап болған ауыл азаматтарына тегін кеңестер беріп, демеу көрсетуде.

«Елорда әділет орталығы» меншік иелері қауымдастығының төрағасы Әлішер Ыбыраевтың айтуынша, биылғы қазан айының басында бастау алған «Демеу» әлеуметтік жобасы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына соңғы Жолдауында қойған міндеттермен үйлеседі. Яғни, ол денсаулық сақтау, құқықтық және психологиялық көмек саласында халықты қолдауға бағытталған бірден-бір жоба.

«Грант шартына сәйкес жобаны іске асыру барысында психологтардан, эпидемиолог-дәрігерлерден және заңгерлерден құралған топтар бірнеше ауылда консультациялар өткізуі тиіс. Бүгінге дейін біз Ақмола облысындағы 4 ауылда болып, 200-ден астам консультациялық көмек бердік. Бұдан бөлек, жиындарға келіп үлгермеген азаматтарға әлеуметтік желілердегі жеке парақшалар арқылы көмек берудеміз. Ал шешілмеген мәселелер облыс деңгейіне көтеріліп, өз шешімін табатын болады, - дейді Әлішер Серікболұлы.

Бір айдың ішінде әлеуметтік жоба өкілдері облыс аумағындағы Талапкер мен  Қоянды ауылдарында және Қосшы қаласында болған. Жоба өкілдерінің сөзіне қарағанда көмек сұрай келетіндердің жағдайлары әртүрлі. Егер келушілердің бірі бұрынғы жарынан алимент өндіре алмай жүрсе, екіншісі жеңіл ақша табамын деп қаржылық пирамиданың арбауына түскен. Ал үшіншісі, пандемия кезінде жұмыссыз қалып, микроқаржы ұйымынан қарыз алған. Азамат төлем уақытын кешіктіргені үшін алған соманы еселеп қайтаруға мәжбүр.

Әлішер Ыбыраев ауыл тұрғындарының көпшілігі өз құқығын білмейтіндігін, нәтижесінде түрлі алаяқтардың арбауына түсіп жататын тілге тиек етті.

«Мәселен, Талапкер ауылының тұрғыны жер учаскесін сатып, бар қаржысын тұрғын үй кооперативіне берген. Ал ұйым өкілдері төрт айдың ішінде астанадан баспана алып беруге уәде берген. Алайда, өз міндетін орындамайды. Сөйтіп, келіншек учаскесінен айырылып, пәтерге де қол жеткізе алмады. Осы орайда жоба өкілдері жер сипап қалған азаматшаға құқықтық консультация беріп, қолдау көрсетті. Мұндай құқықтық сауатсыздық фактілері көп», - деді «Елорда әділет орталығы» меншік иелері қауымдастығының төрағасы.


 

Барлық жаңалықтар