00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Сарыағашта пошта бөлімшесінен 35 миллион теңге ұрланды

24.02.2023 | 18:07
Елорда ақпарат
46

Түркістан облысы Сарыағаш АПБ-ға аудандағы пошталардың бірінің қызметкері арызданып, мекемеге тиесілі 35 миллион теңгеге жуық ақшаны белгісіз адамдардың қолды еткенін айтқан.

Polisia.kz мәліметінше, аталған жайтты сарыағаштық полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеп, қажетті шараларды атқарды. Оқиға орын алған мекемеге барған тәртіп сақшылары бейнекамералардың жазбаларын мұқият тексеріп, айғақты заттарды іздей бастады. Бірнеше күнге созылған жедел жүргізілген жұмыстар кезінде күдікті ретінде пошта қызметкері, яғни жігіт анықталды. Ұсталған жігіт Сарыағаш ауданының тұрғыны.

Алаяқтық жолмен ақша жымқырды деген үш азамат қамауға алынды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Барлық жаңалықтар