00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Тоғызқұмалақтан дәстүрлі желілік спартакиада басталды

24.02.2023 | 17:33
Елорда ақпарат
45

Биыл спартакиадаға NIS-тен барлығы 90 оқушы қатысуда. Ежелгі ойынның жанкүйерлері 1-3 қараша аралығында онлайн форматта өтетін жарыста өз қарсыластарымен «PlayOk» платформасында кездеседі.

Жарыстың ашылу салтанатында қатысушыларға әлем мәдениетінің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік ойынның тарихы таныстырылып, ережесі түсіндірілді.

Бұл жолы Нұр-Сұлтан қаласындағы «NIS» халықаралық бакалавриат мектебінің намысын 4 оқушы қорғауда. Олар - Арсен Қатбек, Аида Дәулетова, Диана Түребекова және Нұрхан Төлеев.

Спартакиадада Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Мақсат Шотаев, Орал қаласындағы спорт мектебінің тоғызқұмалақ бөлімі жаттықтырушысы Бауыржан Шурин, тоғызқұмалақтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Медет Құсайынов төрешілік етуде.

Айта кетейік, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ тарапынан бүгіннен бастап ауқымды әрі маңызды жобалар – «Туған елге тағзым» экспедициясы мен «NIS» ғылыми жобаларының желілік байқауы басталды.

Барлық жаңалықтар