00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Еліміздегі 7 автожолда ақылы жүйе іске қосылады

24.02.2023 | 17:31
Елорда ақпарат
27

«Жаңа ақылы учаскені пайдалануға енгізу туралы бұйрық жобаларына қол қойылды және Әділет министрлігінде тіркелуде. Бірінші техникалық санаттағы учаскелердегі ақылы жүйені 2021 жылғы 15 қарашадан бастап енгізу жоспарлануда. Бұл ретте осы учаскелер биығы 1 қазаннан тестілік пайдалануға берілген болатын», - делінген компания ақпаратында.

Мәлім етілгендей, «Нұр-Сұлтан – Павлодар», «Шымкент – Өзбекстан шекарасы (Ташкентке)», «Щучинск – Көкшетау», «Қапшағай – Талдықорған», «Шымкент – Тараз», «Тараз – Қайнар» және «Шымкент – Қызылорда» трассаларында жүріп-тұру ақылы болмақ.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп аталған трассаларда ақы алудың «ашық» жүйесін енгізу шешімі қабылданған. Бұл жүйе ақылы учаскелерде шлагбаумдардың мүлде болмауымен ерекшеленеді. Автомобильдердің өтуі арнайы камералар мен жабдықтардың көмегімен бақылау аркаларына бекітілетін болады.

Автокөліктің мемлекеттік нөміріне шотты толтырудың QAJ mobile (мобильді қосымша), Kaspi.kz, Kiwi-әмиян, Forte Bank сияқты 20-дан астам нұсқасы қарастырылған.

 

Барлық жаңалықтар