00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«WorldSkills Kazakhstan – 2021» VI республикалық чемпионаты басталды

24.02.2023 | 17:29
Елорда ақпарат
33

«Бірнеше жыл бұрын біз «WorldsSkills» әлемдік қозғалысына қосылып, 50-орында тұрақтаған едік. Қазірдің өзінде біз әлемдік рейтингтегі позициямызды едәуір күшейтіп, 14-ші орынға ие болып отырмыз. Бұл айтарлықтай жетістік, бірақ біз алдымызға бұдан да өршіл міндеттер қоюымыз керек. Келесі жылы Шанхайда өтетін халықаралық чемпионатта біз техникалық және кәсіптік білім беруде үздік командалардың алғашқы ондығына кіруіміз қажет. Мен студенттерімізге сенім артамын. Әлбетте, бұл қол жеткізуге болатын міндет деп санаймын. Сіздерге толағай табыс пен жеңіс тілеймін», – деді министр Асхат Аймағамбетов құттықтау сөзінде.

Білім және ғылым министрі мемлекет техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Президенттің тапсырмасы бойынша 2025 жылға қарай барлық тілек білдіруші тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз етіледі. «Жас маман» бағдарламасы бойынша еліміздің 180 колледжі заманауи құралдармен жабдықталды, олар арқылы студенттер практикалық білім мен дағдылар алады. Материалдық-техникалық базаны нығайтудың арқасында чемпионатты өткізу географиясы кеңейтілді. Биыл ол сайыс 8 қалада өтеді.

«WorldSkills Kazakhstan – 2021» республикалық чемпионаты 1 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Қарағанды, Семей қалаларындағы колледждер базасында өтеді. Еліміздің барлық өңірінен келген 450-ден астам жас маман 30 негізгі және 40-тан астам қосымша құзыреттер бойынша өз дағдыларын көрсетеді.

Қатысушылардың, яғни колледждер мен ЖОО студенттерінің, сондай-ақ кәсіпорындардағы жас қызметкерлердің жұмысын 500-ге жуық сарапшы бағалайтын болады.

 

Барлық жаңалықтар