00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Еш құжаты жоқ 1612 адамға Қазақстан азаматтығы берілді

24.02.2023 | 17:28
Елорда ақпарат
40

«Қазіргі уақытта министрлік мәртебесі реттелмеген және жеке басын куәландыратын құжаттары мен азаматтығы жоқ 6 мыңнан астам адамға көмек көрсетті. Жалпы 5 мыңға жуық (4 969) адам жеке куәлікпен құжатталды. Оның 3357-і – ҚР азаматы. Сөйтіп, 1612 еш азаматтығы жоқ адамға ҚР азаматтығы берілді», - деді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Ресми өкілдің айтуынша, тағы 1357 адамға қатысты азаматтықты растау рәсімі аяталуға жақын.

«Ішкі істер министрлігі еліміздегі азаматтығы жоқ адамдардың мәселесін түпкілікті шешуге ұмтылысты ескеріп, мәртебесі реттелмеген және жеке басын куәландыратын құжаты жоқ адамдарды анықтау акциясын 2022 жылдың мамырына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады», - деді Нұрділдә Ораз.

Барлық жаңалықтар