00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Марк Цукерберг «Facebook»-тың атауын өзгертті

24.02.2023 | 17:18
Елорда ақпарат
29

Компанияның атауы өзгергенімен «Facebook», «Instagram» және «WhatsApp» сияқты әлеуметтік желілер бұрынғы атауымен қала бермек. Ребрендинг жасаудың негізгі мақсаты – цифрлық мүмкіндіктердің көмегімен компания жұмысының ауқымын кеңейту.

«Компанияның атауы өзгергенімен біздің миссиямыз бұрынғыдай қала бермек. Демек, адамдарды бір-біріне жақындастыруды жалғастыра береміз. Біз адамдарға технологияны жақындата түспекпіз. Енді біздің жаңа бағытымыз бар - ол бағыт метағаламды іске асыру,  – дейді компанияның бас атқарушы директоры Марк Цукерберг.

«Meta» - «виртуалды әлем құруға бір табан жақындау» деген сөз. Виртуалды шындықта, жоғары технологияны қолданушылар бір-бірімен байланысқа шығып, виртуалды ойын ойнап, цифрлы технологияның жаңа деңгейіне көтеріле алады. Компанияның жаңа логотипі мен атауының өзгеруі «Фейсбук» акцияларының біршама өсуіне де түрткі болды дейді мамандар.

Айта кетейік, 2015 жылы «Google» компаниясы да құрылымын өзгерткен болатын. Ол басты компанияның атауын «Alphabet» деп өзгертті. Дегенмен, негізгі өнімдері бұрынғы атауларын сақтап қалды.

Барлық жаңалықтар