00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Мектептерді арнайы күзет қызметі қадағалайтын болады

24.02.2023 | 17:15
Елорда ақпарат
30

«Жуырда Ресейдің Перьм қаласында болған қайғылы жағдай бізге де кез келген қауіпке даяр болудың қажеттігін көрсетті. Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мектеп күзетіне қойылатын талап жоғары. Күзет қызметі төтенше жағдайға әрдайым дайын болып, шұғыл шешім қабылдай білуі тиіс. Бұл дегеніміз бейнебақылау камерасының орнатылып, оның талап пен стандартқа сәйкес жұмыс істеуі. Осы орайда біз халықаралық тәжірибе мен өзге елдерде болып жатқан төтенше жағдайларға талдау жүргізудеміз», - деді Дулат Жекебаев «Kazakhstan Security Systems – 2021» атты республикалық конференция барысында.

Баяндамашының айтуынша, кейбір мектептердегі бейнебақылау камералары тиісті талап пен стандартқа сәйкес келмейді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Білім және ғылым министрлігі құзырлы органдармен бірлесіп мектеп қауіпсіздігін тәулік бойы қадағалайтын арнайы күзет қызметімен қамту мәселесін қарауда. Сонымен қатар, барлық білім беру мекемелерінде «дабыл батырмасын» орнату да күн тәртібінде.

Аталмыш шараларды жүзеге асыру үшін ел бюджетінен қосымша 2 млрд теңге қаржы қажет. Осы орайда бүгінде құқықтық-нормативтік актіге қайта өзгерістер енгізілуде.

Барлық жаңалықтар