00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елімізде терроризмді қаржыландыруға қатысты 26 факті тіркелді

24.02.2023 | 17:14
Елорда ақпарат
32

Бүгін елордада террористік қауіп-қатерге қарсы күрес тақырыбына арналған 8-ші республикалық конференция өтіп жатыр. Қауіпсіздікті нығайту саласындағы бүгінгі ахуал мен тенденциялар қызу талқыланып жатқан бұл шараға ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығы ұйытқы болды. 

ҚР Терроризмге қарсы орталық штабының бөлім басшысы Жанарбек Жаңабаев елімізде діни деструктивті ағымдарды қаржыландыру мәселесі басты назарда екенін мәлімдеді.

«Біз Қаржылық мониторинг агенттігімен террористік әрекеттерді қаржыландыруға қарсы күресті бірлесіп жүргізіп жатырмыз. Бұл бағытта ҚР ҰҚК, ҚР ІІМ, Бас Прокуратура, ҚР ҚМА және Қаржы министрлігінің Кірістер комитетімен бірлесіп, күресу механизмі әзірленді. Статистикаға сүйенсек, 2018-2020 жылдары ел көлемінде терроризмді қаржыландыруға қатысты 26 факті тіркелген. Бұл фактілер бойынша Ішкі істер министрлігі қылмыстық іс қозғалып, ол Бас прокуратураға дейін жеткізілді. Бұл орайда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі де халық арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Биылдың өзінде экстремистік қылмысқа барған 3 азаматтың үстінен іс қозғалды», - деді Жанарбек Жаңабаев.

Бөлім басшысының айтуынша, құзырлы органдармен бірлескен аталмыш бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Барлық жаңалықтар