00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Ешқандай құдай махаббат үшін жазаламайды – Харари

24.02.2023 | 17:13
Елорда ақпарат
46

«Шындығында тарих заңды, қоғам мен дінді, саяси жүйе құрылымын анықтайды. Яғни, бұрынғы тарих қазіргі өмірді қалыптастырады десем болады. Менің өмірімде бір жағдай болған еді. Ол кезде жас болатынмын. Маған «қызтеке деген жаман нәрсе» деп үнемі айтатын. Айтуларынша, ол табиғат пен құдай заңын бұзады екен. Мен соған кәдімгідей сеніп, ауыр қабылдаған едім. Қазір осыған сенетін адамдар әлі де бар...», – дейді жазушы.

Әлемдік тарихшының пайымынша, адамзат тарихында ежелден қалыптасқан наным-сенімдер белгілі бір адамдардың ықпалымен пайда болған.

«Тарихты зерттей келе, осы сенімдердің барлығы шындық емес екендігіне көзім жетті. Олар тек фантастика, яғни бұрын белгілі бір адамдардың ақылы немесе санасы арқылы ойлап табылған. Егер екі ер азамат бірін-бірі ұнатса ол неге жаман болуы керек?! Немесе екі әйелдің бір-біріне деген сезімі болса ол табиғат заңдылығы бұзылғанын көрсетпейді. Неге ол құдай ережесін бұзады?! Ешқандай құдай адамдарды махаббат үшін жазаламайды. Себебі, құдай зорлық-зомбылық жасағандарды жазалайды. Осыған сәйкес, тарихты осындай фантастикадан арылу үшін, шындыққа әлдеқайда жақындау үшін оқу қажет деп ойлаймын», – деді ол.

Еске сала кетсек, 26 қазаннан бері Қазақстанда үшінші Нобель фестивалі онлайн форматта өтіп жатыр. Онда әлемдік ғылым жұлдыздары мен Нобель сыйлығының лауреаттары университеттер мен студенттерге арнап, баяндама оқуда.

Барлық жаңалықтар