00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

2025 жылға дейін 3 онкологиялық орталық пен 20 заманауи аурухана салынады

24.02.2023 | 17:12
Елорда ақпарат
38

«Пандемия елді вакциналармен, дәрілік заттармен ғана емес, медициналық жабдықтармен де қамтамасыз ету қажеттігін көрсетті. Қазақстанда біз мұны басым бағыт ретінде белгіледік. Біздің үлкен әлеуетіміз бен мүмкіндіктеріміз бар», – деді вице-премьер.

Сондай-ақ ол мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет Қазақстанның фармацевтика саласын дамыту жөніндегі арнайы кешенді жоспар қабылдағанын, оны іске асыру 2025 жылға қарай отандық өндірістің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарының үлесін 50% дейін арттыруға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

Сонымен қоса Тоғжанов денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын одан әрі дамыту туралы айта келе 2025 жылға дейін кемінде 20 заманауи аурухана, 3 онкологиялық орталық, 12 зертхана, медициналық бұйымдарды зертханалық және техникалық сынақтан өткізуге арналған орталық салу жоспарланғанын жеткізді. Оларды медициналық жабдықпен жарақтау кезінде отандық өндірушілерге басымдық беріледі.

Барлық жаңалықтар