00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Төбесіне металл конструкция құлаған елордалық әйел әлі есін жиған жоқ

24.02.2023 | 17:03
Елорда ақпарат
38

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шегушінің жағдайы ауыр.

«Қазір науқас өте ауыр халде реанимация бөлімінде жатыр. Пациент дәрігерлердің жіті бақылауында. Қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», – деді дәрігерлер.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, оқыс оқиға салдарынан елорда тұрғыны ми жарақатын алып, жансақтау бөліміне түскен еді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Барлық жаңалықтар