00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Америкалық әйел 335 күн бойы коронавируспен ауырған — рекорд

24.02.2023 | 17:01
Елорда ақпарат
29

Әлгі әйел ең алғаш коронавирус диагнозымен 2020 жылғы көктемде ауруханаға жатқан. Бұдан соң ол тұрақты түрде ПТР-тест тапсырып тұрған. Ғалымдар әйелдің ауруы басталған сәт пен одан жазылған сәтте алған биоматериалдарды салыстырып, қайталама жұқтыру болмағанын анықтады. Яғни пациенттің ағзасында вирус үзіліссіз бір жылдай дерлік жүрген. Ауру кезінде әйел жөтеліп және демігіп, үйде қосымша оттегін алған.

Осылайша бұл әйел британиялық Дэйв Смиттің рекордын бұзды. Ол ковидпен 290 күн ауырған екен. Зейнеткер 42 рет ПТР-тесттің оң нәтижесін алған, ал оның жұбайы болса күйеуінің жерлеу рәсімін ұйымдастыруға 5 рет дайындалыпты.

Барлық жаңалықтар