00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Нұр-Сұлтанда автобустан өрт шықты (ВИДЕО)

24.02.2023 | 17:00
Елорда ақпарат
41

Қаладағы CTS көлік компаниясының мәлімдеуінше, өрт автобустың моторлы бөлігінен шыққан.

“Шыққан өртті мамандар шұғыл түрде сөндірді. Автобус бұл кезде аялдамада тұрған болатын. Жолаушылар тез арада салоннан шығып үлгерген. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ”, – дейді аталмыш ұйымның баспасөз қызметі.

Елорданың ТЖД баспасөз қызметінің айтуынша, өрт шыққан аймаққа бір техника мен жеті өрт сөндіруші шыққан. Алайда тілсіз жауды олар келмей жатып ауыздықтаған.

Барлық жаңалықтар