00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ұйқы қандыруға арналған бес сағаттық автобус бағдары іске қосылды

24.02.2023 | 16:45
Елорда ақпарат
41

Ulu Travel компаниясының екіқабатты автобустары осылайша ұзақ уақыт жолда жүру арқылы былайғы күндері ұйқысы қанбайтын жолаушыларды “әлдилеп”, көз шырымын алуына жағдай жасайды.

Билет құны автобус қабатына қарай 13-51 доллар арасында. Билет құнының ішіне құлаққап пен көзді жауып тұратын маска кіреді. Sleeping Bus Tour деп аталатын бұл автобустың алғашқы рейсіне билеттерді халық түгелдей сатып алған.

“Жаңа турлар жайында пікір алмасып, брейнстормиң жасағанымызда, әлеуметтік желіден бір досымның өз жұмысы үшін қатты стресте жүргені, түні бойы ұйықтай алмай, автобусқа мінгенде ғана көзі ілінетіні туралы жазбасын оқып қалдым. Осыдан соң жолаушылардың ұйықтауына мүмкіндік беретін осындай тур ойлап табу идеясы келді”, – дейді Ulu Travel компаниясының маркетинг және бизнесті дамыту бойынша менеджері Кеннет Конг.

Гонконг университеті жанындағы ұйқыны зерттеу клиникасы мен зертханасының қызметкері доктор Ширли Лидің айтуынша, қоғамдық көлікте ұйықтау – шарттылық.

“Гонконг тұрғындарының ұйықтауға уақыты жоқ. Сондықтан олар ұйықтау үшін түннен гөрі басқа уақытты пайдалануына тура келеді. Ал басқа уақыт дегеніміз көбіне жұмысқа бара жатқан жолда, яғни қоғамдық көлікте болады”, – дейді ғалым.

Барлық жаңалықтар