00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Бүгін елордада қандай іс-шаралар өтеді

24.02.2023 | 16:39
Елорда ақпарат
28

10.00-де Сенаттың кезекті отырысы болады. Сенат отырысы палатаның www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

10.00-де «Hilton Astana» қонақ үйінде Astana Mining & Metallurgy конгресі аясында тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы ұйымдастыратын көмір өнеркәсібінің II форумы өтеді.

10.00-де әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «Интеллектуалды дарынды жастар – елордалық білім берудің басты әлеуеті» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

11.00-де Қазмедиа орталығында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді.

11.00-де KazAgro/ KazFarm-2021 халықаралық аграрлық көрмесі аясында «Қазақстан Республикасы өсімдік өсірушілерінің алғашқы республикалық слеті» өтеді.

14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы: негізгі бағыттары» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов, ҚР Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қабаев. Көрсетілім сілтемелері: Youtube.com және Facebook.com.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Білімді ұлт, сапалы білім беру» ұлттық жобасы» туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. Көрсетілім сілтемелері: Youtube.com және Facebook.com.

Барлық жаңалықтар