00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Бүгін елордада қандай іс-шаралар өтеді

24.02.2023 | 16:32
Елорда ақпарат
33

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10.00-де Hilton Astana қонақ үйінде Astana Mining & Metallurgy 11-ші тау-кен металлургия конгресі өтеді.

10.00-де Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Шоқан Уәлихановтың тағдыры мен мұрасы» кітабының тұсаукесері өтеді. Туынды авторы – тарихшы, М. В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандағы филиалының профессоры Жарас Ермекбай.

11.00-де EXPO Көрме орталығында АҚШ, Еуропа және ТМД-дан 120-дан астам компанияның қатысуымен ауқымды KazAgro/KazFarm-2021 халықаралық аграрлық көрмесі өтеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Білім беру ұйымдарындағы оқу процесі туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев. Көрсетілім сілтемелері: Youtube.com және Facebook.com.

14.00-де openmind.fnn.kz сайтында «Цифрлық трансформация және өмірдің жаңа сапасы» тақырыбында бірінші «OPEN MIND» ашық инновациялар онлайн форумы өз жұмысын бастайды.

15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «OrdaGen» әлеуметтік-танымдық жобасының ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Orda ертегілері» кітабының тұсаукесері өтеді.

19.00-де Nomad City Hall залында «Алтын Гефест» салалық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Барлық жаңалықтар