00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Бүгін елордада қандай іс-шаралар өтеді

24.02.2023 | 16:25
Елорда ақпарат
26

9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде санитариялық-эпидемиологиялық жағдай және «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру барысы қаралады. Отырыстың тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көрсетіледі.

11.00-де Есіл ауданының полиция бөлімінде азаматтардан өтініш қабылдауға арналған «Police 102» мобильді қосымшасы таныстырылады.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «III Nobel Fest «Болашақ бүгіннің өзінде» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: G-Global Халықаралық хатшылығының басшысы Серік Нөгербеков, Инклюзивті даму қорының директоры Мақсат Курбенов, Ғылым мен білімді дамытудың халықаралық Ziyo Forum қорының директоры, Өзбекстанның жоғары білім жөніндегі республикалық кеңесінің мүшесі Бобур Фарманов, Әзербайжан Республикасы Білім министрлігінің «САБАХ Групп» жобасының білім беру қызметтерінің басқарушысы Эльдар Годжаев. 

14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ұлттық жобаларды жүзеге асыруда жобалық басқару тәсілін пайдалану» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Ұлттық жобалардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу офисінің жетекшісі Арман Евниев, ҚР ҰЭМ Жобалық басқару саясаты департаментінің директоры Илона Шварцкопф; «Qazaqstan Project Management Awards 2020» жобасының жетекшісі Марғұлан Жұмағали. 

15.00-де Құтқарушылар аллеясында төтенше жағдайлар департаменті Құтқарушылар күнін мерекелеуге орай ТЖ департаментінің басшылығымен, әкімдіктің, гарнизонның жеке құрамының қатысуымен салтанатты шара өткізеді.

Барлық жаңалықтар