00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстанда ет бағасы қымбаттайды

24.02.2023 | 16:24
Елорда ақпарат
35

Оның айтуынша, биыл қуаңшылық салдарынан жем-шөптің бағасы өсіп, саланы біраз әбігерге салды.

Министр бұл бірқатар өнім бағасының артуына себеп болуы мүмкін екендігін алға тартты.

“Еттің өндірілетін көлеміне тоқталар болсақ, негізінен біз Қазақстанның ауыл шаруашылық кешені еттің өндірілген көлемі 100%-ға, соның ішінде сиыр етімен 97%-ға, қой етімен 100%-ға, жылқы еті 97,5%-ға өз-өзімізді қамтып отырмыз. Ішкі нарықтағы еттің сұранысы толықтай өзіміз өндірілген көлеммен жабылып отыр. Сол себепті импорттан келетін ет көлемі көп емес. Ал биыл орын алған қуаңшылық пен жем-шөп бағасының артуынан еттің бағасы да өсуі ықтимал”, - деді ведомство басшысы.

Әйтпесе, ет өндірушілердің қалтасына да салмақ түседі.

“Себебі ет өндіріп отырған шаруа қожалықтары шығындарын өтеуі тиіс екені белгілі. Еттің бағасы өседі деп жоспарлануда. Бірақ қатты өсу болмайды деп үміттенеміз”, - деп атап өтті Ербол Қарашөкеев.
Барлық жаңалықтар