00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Нұр-Сұлтан мен Алматы жүргізушілері жылына қанша шақырым жол жүреді

24.02.2023 | 16:16
Елорда ақпарат
51

Компания бұл зерттеуді өздерінің call-орталықтарының көмегімен жүргізген. Оған 1200-ден аса астаналық және алматылық жүргізуші қатысқан.

Сауалнама нәтижесіне сәйкес, елорданың жүргізушілері жылына орташа есеппен 13 980 км, ал алматылық жүргізушілер 15 480 км жол жүретіні белгілі болды. Екі қаланың да шеткі аймақтарында тұратын жүргізушілер бұдан екі еседей дерлік көбірек жол жүреді. 

Сондай-ақ «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы сарапшыларының зерттеуінше, көлік ескі болған сайын соғұрлым азырақ жол жүреді. Алматыда үш жылға дейінгі көліктер жыл сайын 20 000 шақырымды артқа тастаса, 3-10 жаастағы көліктер жылына – 18 000 км, 10-20 жастағы көліктер – 15 000 км, ал 20 “жастан” асқан көліктер жылына 10 000 шақырымнан аз жол жүреді. Мұның себебі олардың техникалық жағдайының жыл сайын нашарлай беруінен болса керек. Ең көп жол жүретін машиналар қатарына  LADA (24 900 км), Hyundai (21 300 км) және Toyota (17 850 км) кірді. 

Барлық жаңалықтар