00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Бүгін елордада қандай іс-шаралар өтеді

24.02.2023 | 16:01
Елорда ақпарат
38

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бейбіт Шаханов және ҚР су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Аяшев. 

17.00-де «Hilton» қонақ үйінде «Париж келісімінің мақсаттарына және Қазақстанның көміртекті бейтараптығына қол жеткізу жолдары» атты халықаралық конференция өтеді. Халықаралық конференцияға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, БҰҰ-ның жоғары лауазымды тұлғалары, халықаралық сарапшылар, бизнес және азаматтық қоғам өкілдері қатысады.

Барлық жаңалықтар