00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Бүгін елордада қандай іс-шаралар өтеді

24.02.2023 | 15:46
Елорда ақпарат
31

10.00-де «Hilton Garden Inn» қонақ үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан Кәсіподақтары күніне арналған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының форумы өтеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі Шалабекова Әлия Лазарқызы; ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Тұрғанбаев Данияр Ғалымұлы; Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

15.00-де «Астана Опера» театрында Қарағанды музыкалық комедия театрының гастроліне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

18.00-де Қазмедиа орталығында «МедИАЦия» халықаралық бағдарламасы аясында «Қазақстан мен Ресейдің ашық диалогы: журналистика, медиа және форматтар» атты дөңгелек үстел өтеді.

19.30-да «Астана Балет» театрында бір актілі балеттер кеші өтеді: арнайы шақырылған хореограф Рикардо Амаранте қойған «A Fuego Lento» және Раймондо Ребектің «Өткенге саяхат» туындылары көрсетіледі.


 

Барлық жаңалықтар