00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарына арналды – Бауыржан Смайылов

04.09.2023 | 09:00
93
Фото: Бауыржан Смайылов

"Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" деп белгіленген Жолдаудың негізгі тақырыбы елдің алдағы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарына арналды. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының депутаты, AMANAT фракциясының мүшесі Бауыржан Смайылов пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Ол Жолдауда одан әрі дамытуды қажет ететін бірқатар басым мәселелер көтеріліп, маңыздылығы жоғары және өз кезегінде шешуші сипатқа ие көптеген бағыт қамтылғанын айтты.

Мемлекет басшысы өз сөзінде бүгінгі таңда жаһандық экономика мен халықаралық еңбек бөлінісінде түбегейлі өзгерістер болып жатқанын, технологиялық жарыстардың қарқынын, барлық жерде ресурстар үшін бәсекелестіктің шиеленісіп жатқанын, сондай-ақ климаттың өзгеруі, азық-түлік қауіпсіздігі, тұрақты демографиялық даму мәселелері өзекті болып отырғанын атап өтті. Осыған байланысты, Президент пікірінше, елдің жаңа экономикалық бағытының айқындаушы қағидаттары — әділеттілік, инклюзивтілік және прагматизм болуға тиіс.

Ал алдағы құрылымдық реформалардың негізгілері деп Президент төмендегілерге айрықша мән берді: өңдеу өнеркәсібін, туризмді дамыту, қорғаныс-өнеркәсіп кешенін нығайту, отандық ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін ашу, энергетикалық қауіпсіздік, ел аумағында газдандыру жұмыстарын жалғастыру, жасыл экономиканы дамыту, су ресурстарының қолжетімділігі мен сапасы төңірегіндегі мәселелерді шешу.

Сонымен қатар стратегиялық маңызы бар шараларды да атап өтті: цифрландыру және инновацияларды енгізу мәселелеріне баса назар аудару, кәсіпкерлік және көліктік-логистикалық әлеуетті толыққанды іске асыру, оның ішінде автомобиль жолдарын салу мәселесін шешу, өйткені бұл мәселенің айналасында ел тұрғындары тарапынан көптеген сын бар.

Мемлекет басшысының жаңа министрліктер құру, әсіресе, су ресурстары мен көлік мәселелерін реттеуге қатысты шешімін өте дұрыс деп санаймын. Себебі су қауіпсіздігі бүгінгі күні 21 ғасырдың негізгі жаһандық мәселелерінің бірі болып саналады. Жыл сайын адамзаттың су ресурстарына деген қажеттілігі демографиялық өсу, әлеуметтік-экономикалық даму және тұтынудың жаңаша үлгілері сияқты факторлардың әсерінің артып келеді. Ал ресурстардың өзі, атап айтқанда — тұщы су қайтымсыз сипатта сарқылып жатыр. 

Біздің еліміздегі осы саладағы негізгі мәселелерге су ресурстарын ұтымсыз пайдалану, жер үсті және жер асты суларының ластануы, суды пайдаланудың ескірген технологиялары, су ресурстарының шектелуі және сарқылу қаупін жатқызуға болады. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, біздің Үкімет пен Парламент су қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыруға байланысты кешенді шаралар қабылдауы тиіс.

Президент өз Жолдауында орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне көп көңіл бөлді. Соңғы жылдары қабылданған шаралар шағын және ірі бизнестің тұрақты өсуін қамтамасыз еткенін, бірақ бұл ретте орта кәсіпкерліктің даму қарқыны жеткіліксіз екенін атап өтіп, Мемлекет басшысы, ең алдымен,  оның дамуын тежейтін тетіктерді жоюды ұсынды. Сәйкесінше, бар күш-жігерді  шағын кәсіпкерлік субъектілерінің экспорты мен оларды ірілендіру процесін ынталандыруға, өндірістердің технологиялық күрделілік деңгейі мен бизнес санаттары бойынша мемлекеттік қолдауды саралауға, негізгі нарықтардағы монополиялардың жойылуына бағыт ала отырып, субъектілер арасындағы дұрыс бәсекелестікті дамыту мақсатына жұмсау қажеттігін алға тартты. Бұл ретте, Қасым-Жомарт Кемелұлы ұлттық сауда жүйесі шегінде ғана шектеліп қалуға болмайтындығын, керісінше кәсіпкерлікпен бірлесе отырып мықты өңірлік тауар-шикізат биржасын құру мәселесін пысықтау керек екендігін айтты.

Сондай-ақ елімізде жағымды кәсіпкерлік ахуалды қалыптастыру үшін билік пен бизнес арасындағы сындарлы диалогты дамыту: отандық кәсіпкерлікті қолдау, реттеушілік әсерді төмендету және экономикалық сипаттағы кейбір заң бұзу әрекеттерін қылмыс санатынан алып тастау, оның ішінде салық қылмыстары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту нормаларының шегін анықтаудың әділ механизмін енгізу аса маңызды.

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан шығару бойынша да жұмыс жалғасатын болады. Реформалардың негізгі жауапкершілігі, оның ішінде оларды іске асыру нәтижелері атқарушы биліктің мойнында болады. Оған тікелей министрлер мен жергілікті әкімдердің өздері жеке жауап береді. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі неғұрлым жинақы әрі икемді болу үшін түбегейлі деңгейде қайта қаралады. Сондай-ақ тапсырмалардың орындалуын мониторингілеу және бақылау тетігі қайта қаралады. Менің ойымша, бұл сыбайлас жемқорлық схемалары мен артық бюрократияны айтарлықтай қысқартуға көмектеседі.

Президент қозғаған маңызды мәселе – білім беру жүйесін реформалау, оның ішінде сапалы білім алу, сондай-ақ қауіпсіз балалық шақты қамтамасыз ету. Білім алудағы теңдікті қамтамасыз ету мақсатында Қасым-Жомарт Кемелұлы бес жастан асқан балаларға арналған "Келешек" атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырды. Бұл бағдарламада мемлекет тарапынан ұсынылатын бастапқы білім беру капиталы, жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыс қарастырылуға тиіс. «Осы жинақ пен "Ұлттық қор – балаларға" жобасының қаражаты қосылғанда жас ұрпақтың сапалы білім алуына мүмкіндік туады», - деп кесіп айтты.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жазаны қатаңдатуды, оның ішінде білім беру мекемелерінде психологиялық қолдау қызметін күшейтуді, бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыруды және зорлық-зомбылық пен қорқыту құрбандарына көмек көрсетудің нақты бағдарламасын әзірлеуді талап етті, өйткені "Біз жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге тиіспіз", - деп атап өтті Президент.

Алайда, Президент атап өткендей, Жаңа - Әділетті Қазақстанды құру үшін тек саяси және экономикалық реформалар жеткіліксіз - азаматтардың, кәсіп иелерінің, билік өкілдерінің күш-жігерін біріктіру өте маңызды, себебі "Ең бастысы, қоғамдық сана, азаматтардың ниеті өзгеруі керек. Онсыз басқа жұмыстың бәрі бекер", - деп атап өтті Мемлекет басшысы. Бұл қоғамдық құндылықтардың өзгеруіне де қатысты: біздің азаматтар "отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр" болуы керек. Азаматтарымыздың бойында осы қасиеттер пайда болған кезде ғана біздің еліміздің - Тәуелсіз Қазақстан Республикасының шықпайтын шыңы, қол жеткізбейтін биігі қалмайды. 

Мақсат Толықбай: Жолдау – жаңа ұлттық экономика құруды көздейді
05.09.2023 | 04:00
Мақсат Толықбай: Жолдау – жаңа ұлттық экономика құруды көздейді
Қайыржан Әбдірахманов: IT саласы мен киберқауіпсіздік қоса дамуы керек
11.10.2023 | 06:30
Қайыржан Әбдірахманов: IT саласы мен киберқауіпсіздік қоса дамуы керек
Бауыржан Серікқалиұлы: Басты міндетіміз – тазы мен төбетті халықаралық деңгейде таныту
04.10.2023 | 06:00
Бауыржан Серікқалиұлы: Басты міндетіміз – тазы мен төбетті халықаралық деңгейде таныту
Тарихи қолжазбаларды сандық форматқа көшірудің болашақ үшін маңызы зор
27.10.2023 | 06:00
Тарихи қолжазбаларды сандық форматқа көшірудің болашақ үшін маңызы зор
Асқар Тақсымов: iKOMEK-ке түскен қоңырауға 38 секундта жауап беріледі
23.10.2023 | 05:30
Асқар Тақсымов: iKOMEK-ке түскен қоңырауға 38 секундта жауап беріледі
Әлихан Смайылов:Үкіметтің алдында барынша биік, алайда қол жеткізуге болатын мақсаттар қойылды
02.09.2023 | 09:00
Әлихан Смайылов:Үкіметтің алдында барынша биік, алайда қол жеткізуге болатын мақсаттар қойылды
Жолдауда білім мен ғылым мәселелеріне басымдық берілді- Кәрімбек Құрманәлиев
02.09.2023 | 10:00
Жолдауда білім мен ғылым мәселелеріне басымдық берілді- Кәрімбек Құрманәлиев
Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарына арналды – Бауыржан Смайылов
04.09.2023 | 09:00
Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарына арналды – Бауыржан Смайылов
Сәкен Есіркеп: Президенттің интернет контентке қатысты ойы заман талабынан туындап отыр
13.10.2023 | 05:00
Сәкен Есіркеп: Президенттің интернет контентке қатысты ойы заман талабынан туындап отыр
«Хабарламалардың бірыңғай нүктесі» қызметі іске қосылады
09.10.2023 | 16:00
«Хабарламалардың бірыңғай нүктесі» қызметі іске қосылады
Барлық жаңалықтар