00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Тарихи қолжазбаларды сандық форматқа көшірудің болашақ үшін маңызы зор

27.10.2023 | 06:00
101
Фото: Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында цифрландыру жұмыстары өз жалғасын тауып келеді. Бұл тарихи қолжазбалардың қалың оқырманға қолжетімділігін арттырып, қордың электрондық нұсқасының жылдар бойы сақталуына мүмкіндік береді, деп хабарлады Elorda.info

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Жандос Болдықовтың айтуынша, бұл үшін орталыққа арнайы кәсіби көшірме жасайтын құрылғылар алынған. Қазір күнделікті қолжазбалардың көшірмелері жасалып жатыр. Болашақта материалдар өңделіп, көркемделіп, үлкен бір сайтқа жүктеледі. 

Орталықтағы қорда 2000-ға жуық сирек кітаптар мен 300-ге жуық араб, парсы көне түркі тіліндегі көне мұралар сақтаулы. Осы уақытқа дейін орталықтың мамандары еліміздің тарихынан тың ақпарат беретін сирек мұралар факсимилесінің электронды нұсқасын дайындап ұсынды. Олар: Рашид ад-дин Фазлуллах Хамадани «Жамиғат-тауарих» (XIV ғ.), Өтеміс Қажы «Тарих-и Дост-сұлтан» (XVI ғ.), «Тауарих-и гузида-йи нұсрат нама» (XVI ғ.), Қадырғали Жалайыри «Жамиғ ат-тауарих» (XVII ғ.) және т.б.

Жалпы бүгінге дейін әрқайсысы 200-1000 аралығында беті бар 220 кітап толығымен аударылды және олар сапалы шықты деп айта аламын, - деді Жандос Болдықов.

ццццццццццццццц.jpg

Оның айтуынша, қажеттілік туындаған жағдайда сандық форматтағы қолжазбалар қағаз түрінде де басып шығарылады. Өйткені пайдаланушыға қордағы сирек кітаптардың көне түпнұсқаларын ұсыну қолжазба немесе сирек кітаптың тозуына әкеледі. Қордың электронды базасын жасақтау және барлық сирек мұралардың сандық форматын жасап, базаға енгізудің маңыздылығы осында. 

Бұл - қорды сақтаудың бірден-бір жолы. Қазір барлық дамыған елдерде осы тәжірибе жоғары деңгейде қолданылып жатыр. Сондай-ақ қорды толықтыру үшін шетелдік кітапханалар мен архивтерінде сақталған Қазақстан тарихына қатысты маңызды жазба мұраларды жинап, оқырман үшін пайдалы көшірмесін немесе факсимиле нұсқасын жасау да– орталық мақсат еткен негізгі мәселе, - деді орталық директоры. 

Көне жазба жәдігерлердің алғашқы қолжазба нұсқасын заманауи полиграфиялық тәсілмен қайта баспадан шығару еліміздегі ғана емес, сырт елдердің зерттеуші-мамандарының еңбектерін оқып-зерделеуге ыңғайлы жағдай туғызады. 

Еліміздің ғалымдары аймақтардан , басқа қалалардан келуі шарт емес. Сонымен қатар көп жылдан бері Қазақстан тарихына аса қызығушылық танытып жүрген ғалымдар орталыққа келмей-ақ, бәрін сандық формат арқылы көре алады.  Ал қолжазбалардың көбі араб, парсы, шағатай көне түркі тілдерінде, - дейді спикер. 

китапп.jpg

Орталық директорының айтуынша, 2022 жылы «Архив-2025» мемлекеттік жобасы аясында Ұлттық орталық Мысыр, Катар, Иран мемлекеттері, Ресей Федерациясы, Үндістан Республикасы, Түркия мемлекеті, Венгрия мемлекетінің архив, ғылыми институттары мен кітапханаларының қорларымен жұмыс жасап, қазақ тарихы бойынша тың мәліметтердің көшірмелерін елге жеткізді.  

Мақсат Толықбай: Жолдау – жаңа ұлттық экономика құруды көздейді
05.09.2023 | 04:00
Мақсат Толықбай: Жолдау – жаңа ұлттық экономика құруды көздейді
Қайыржан Әбдірахманов: IT саласы мен киберқауіпсіздік қоса дамуы керек
11.10.2023 | 06:30
Қайыржан Әбдірахманов: IT саласы мен киберқауіпсіздік қоса дамуы керек
Бауыржан Серікқалиұлы: Басты міндетіміз – тазы мен төбетті халықаралық деңгейде таныту
04.10.2023 | 06:00
Бауыржан Серікқалиұлы: Басты міндетіміз – тазы мен төбетті халықаралық деңгейде таныту
Тарихи қолжазбаларды сандық форматқа көшірудің болашақ үшін маңызы зор
27.10.2023 | 06:00
Тарихи қолжазбаларды сандық форматқа көшірудің болашақ үшін маңызы зор
Асқар Тақсымов: iKOMEK-ке түскен қоңырауға 38 секундта жауап беріледі
23.10.2023 | 05:30
Асқар Тақсымов: iKOMEK-ке түскен қоңырауға 38 секундта жауап беріледі
Әлихан Смайылов:Үкіметтің алдында барынша биік, алайда қол жеткізуге болатын мақсаттар қойылды
02.09.2023 | 09:00
Әлихан Смайылов:Үкіметтің алдында барынша биік, алайда қол жеткізуге болатын мақсаттар қойылды
Жолдауда білім мен ғылым мәселелеріне басымдық берілді- Кәрімбек Құрманәлиев
02.09.2023 | 10:00
Жолдауда білім мен ғылым мәселелеріне басымдық берілді- Кәрімбек Құрманәлиев
Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарына арналды – Бауыржан Смайылов
04.09.2023 | 09:00
Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарына арналды – Бауыржан Смайылов
Сәкен Есіркеп: Президенттің интернет контентке қатысты ойы заман талабынан туындап отыр
13.10.2023 | 05:00
Сәкен Есіркеп: Президенттің интернет контентке қатысты ойы заман талабынан туындап отыр
«Хабарламалардың бірыңғай нүктесі» қызметі іске қосылады
09.10.2023 | 16:00
«Хабарламалардың бірыңғай нүктесі» қызметі іске қосылады
Барлық жаңалықтар