00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Жолдауда білім мен ғылым мәселелеріне басымдық берілді- Кәрімбек Құрманәлиев

02.09.2023 | 10:00
83
Фото: ашық дереккөз

Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Кәрімбек ҚҰРМАНӘЛИЕВ Президент Жолдауындағы айтылған білім мен ғылым саласы туралы пікірін айтты, деп хабарлады Еlorda.info.

Президент Қасым- Жомарт Тоқаевтың  “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдадық.      

Білім және ғылым саласының өкілі ретінде жастар тәрбиесі, мықты мамандар даярлау  мен ғылымды дамыту бойынша Жолдауда айтылған мемлекеттік маңызы мол мәселелерді сөз өткенді жөн көрдім.

Әділетті Қазақстанды құрамыз десек, саяси-экономикалық реформа жасау жеткіліксіз екендігін, ең бастысы, қоғамдық сана, азаматтардың ниеті өзгеруі керектігі, онсыз басқа жұмыстың бәрі бекер болатынына Мемлекет басшысының екпін түсіре айтуының мәні зор.

Интеллектуалды ұлт қалыптастыру елдің дамуына үлкен өзгерістер әкелетіні белгілі. Сондықтан жастар тәрбиесіне өте қатты көңіл бөлуіміз керек.   Жолдауда әрбір азаматымыз, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажеттігі қадап айтылды.

Жаңа Қазақстанның жаңа тұрпатты жастарын отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ етіп тәрбиелесек, еліміз өзінің мақсат- мұраттарына қол жеткізетіні сөзсіз.     

Абайдың «Толық адам» ілімін негізге ала отырып жастарды адалдық жоқ жерде ешқашан әділдік болмайтындығына тәрбиелеу, Әділетті Қазақстан қағидатын қаперде ұстау керектігі туралы Жолдаудағы міндеттер білім саласының өкілдеріне зор жауапкершілік жүктейді.Адал азамат тәрбиелеу баршамыздың ортақ парызымыз болуы керек. Үздіксіз білім беру жүйесінде, яғни, балабақшадан бастап жоғары оқу орнындарына дейін берілетін сапалы білім мен тағылымды тәрбиеде адал азамат қалыптастыру - басты мақсат болу керек.

Кәрімбек ҚҰРМАНӘЛИЕВ бағдарлық құжатта сапалы орта білім беруді қамтамасыз  үшін ұстаздардың біліктілігін арттыру, мамандар даярлау мәселесі де орынды көтерілгенін айтты.  

Білім беру жүйесі еңбек нарығының сұранысына қарай өзгеріп отыруы керектігіне назар аударылды. Қазіргі кезде техникалық және жұмысшы мамандар жетіспейтіндігі сөз болып, осы салаларға қатысты білім беруді жолға қою керектігіне Жолдауда ерекше  екпін түсіріліп айтылды. Әсіресе, өте маңызды мәселе - оқу орындары түлектерге жұмыс бере алатын мекемелермен ұзақ мерзімге арналған әріптестік орнатуы қажеттігіне көңіл бөлу міндеттелді. 

Сондай-ақ, Жолдауда агроғылымды дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Мемлекет басшысы Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын зерттеу ісінің барлық сатысын қамтитын агротехнология хабына айналдыру қажеттігіне ерекше  тоқталып,шетелдің танымал агро-ғылыми орталықтарымен толыққанды ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық орнату керектігін айтты.  Сондай-ақ, білім беру бағдарламаларын ауыл шаруашылығы талаптарына бейімдеу керектініне назар аударды.  

Жоғарыда айтылғандай, бұл шағын ғана жазбамызда Жолдауда айтылған білім және ғылым бойынша атқарылар міндеттерге қысқаша тоқталдық.

Оның пікірінше, Жолдауда көрсетілген міндеттер үдесінен шығу үшін әркім өз саласы бойынша аянбай атсалысуы тиіс. «Өз кезегінде білім және ғылым саланың өкілдері де Президент алға қойған биік мақсатқа жету үшін бар күш- жігерін жұмсайтыны күмән тудырмайды» дейді ол. 

Мақсат Толықбай: Жолдау – жаңа ұлттық экономика құруды көздейді
05.09.2023 | 04:00
Мақсат Толықбай: Жолдау – жаңа ұлттық экономика құруды көздейді
Қайыржан Әбдірахманов: IT саласы мен киберқауіпсіздік қоса дамуы керек
11.10.2023 | 06:30
Қайыржан Әбдірахманов: IT саласы мен киберқауіпсіздік қоса дамуы керек
Бауыржан Серікқалиұлы: Басты міндетіміз – тазы мен төбетті халықаралық деңгейде таныту
04.10.2023 | 06:00
Бауыржан Серікқалиұлы: Басты міндетіміз – тазы мен төбетті халықаралық деңгейде таныту
Тарихи қолжазбаларды сандық форматқа көшірудің болашақ үшін маңызы зор
27.10.2023 | 06:00
Тарихи қолжазбаларды сандық форматқа көшірудің болашақ үшін маңызы зор
Әлихан Смайылов:Үкіметтің алдында барынша биік, алайда қол жеткізуге болатын мақсаттар қойылды
02.09.2023 | 09:00
Әлихан Смайылов:Үкіметтің алдында барынша биік, алайда қол жеткізуге болатын мақсаттар қойылды
Асқар Тақсымов: iKOMEK-ке түскен қоңырауға 38 секундта жауап беріледі
23.10.2023 | 05:30
Асқар Тақсымов: iKOMEK-ке түскен қоңырауға 38 секундта жауап беріледі
Жолдауда білім мен ғылым мәселелеріне басымдық берілді- Кәрімбек Құрманәлиев
02.09.2023 | 10:00
Жолдауда білім мен ғылым мәселелеріне басымдық берілді- Кәрімбек Құрманәлиев
Сәкен Есіркеп: Президенттің интернет контентке қатысты ойы заман талабынан туындап отыр
13.10.2023 | 05:00
Сәкен Есіркеп: Президенттің интернет контентке қатысты ойы заман талабынан туындап отыр
«Хабарламалардың бірыңғай нүктесі» қызметі іске қосылады
09.10.2023 | 16:00
«Хабарламалардың бірыңғай нүктесі» қызметі іске қосылады
Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарына арналды – Бауыржан Смайылов
04.09.2023 | 09:00
Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарына арналды – Бауыржан Смайылов
Барлық жаңалықтар