00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Асқар Тақсымов: iKOMEK-ке түскен қоңырауға 38 секундта жауап беріледі

Фото: IKOMEK орталығы

Елордадағы iKOMEK орталығы мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес қызмет атқарып келеді. Мекемеде цифрландыру жүйесі де жүйелі жолға қойылған. Осының нәтижесінде елордалықтар бір қоңырау шалу арқылы қаланың тыныс-тіршілігіне байланысты туындаған сауалдарына шұғыл жауап алуға қол жеткізіп отыр. Elorda.info тілшісі Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы басшысы Асқар Тақсымовпен  орталықтың жұмысы туралы әңгімелесті. 

-Асқар Боранбайұлы, iKOMEK-тің негізгі мақсаты туралы кеңінен айтып кетсеңіз?

iKOMEK орталығы – қала тыныс-тіршілігінің барлық мәселелері бойынша тұрғындардан өтініш қабылдайтын бірыңғай торап. Елорда тұрғындары мен қонақтарына ондаған коммуналдық қызметтер мен қалалық басқармалардың байланыс деректерін жаттап қажеті жоқ. Жүздеген мәселенің шешімін бір ғана iKOMEK 109-ға хабарласу арқылы табуға болады. Өтінішті 109 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы да, одан бөлек әлеуметтік желілер, чат-боттар, мобильді қосымшалар сияқты балама байланыс арналары арқылы да беруге болады. Ең маңыздысы, iKOMEK 109 өтініш түскен сәттен бастап, оның сапалы орындалуын толықтай қадағалап, өтініш берушіге есеп береді. 

-Тұрғын өз сауалына қаншалықты жылдам жауап ала алады?

Орталықта 100-ден астам оператор жұмыс істейді. Әр ауысымда 45-ке жуық, ал түн уақытында 10-13 оператор еңбек етеді. Қызметкер күніне орта есеппен 100-120 қоңырау қабылдайды. Олар алғашқы қоңырау бойынша 3000-нан астам қызмет бойынша жауап бере алады. Қоңырауға 38 секундта, әлеуметтік желілердегі көтерілген мәселелерге 10 минутта кері байланыс жасалады. Ал шұғыл емес сұрақтарға 7 күннің ішінде жауап беріледі. 

-Тұрғындар төтенше жағдайға тап келгені туралы  хабарласса, оған қандай да бір көмек көрсетіле ме?

Негізінен, орталық операторлары коммуналдық және қаланың тіршілігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ғана кеңес береді. Ал егер адам денсаулығы мен өміріне қауіп төніп тұрған болса, жауапты қызметтерге жедел хабарланады. Төтенше жағдай орын алған сәтте де iKOMEK орталығының операторлары тиісті мемлекеттік мекемеге оқиға туралы ақпарат береді. 

-109-ға күніне қанша қоңырау түседі? Өтініштердің дені қандай мәселелерге байланысты?

Күн сайын 5000-нан 8000-ға дейін өтініш келіп түседі. Ал жыл басынан бері 1 миллион 700 мыңнан астам өтініш қаралды.

IKOMEK орталығына келіп түскен өтініштердің басым бөлігі денсаулық сақтау саласына қатысты, одан кейінгі орында қалалық қоғамдық көліктің қызметіне байланысты қойылған өтініштер. Рейтинг бойынша әрі қарай қаланы электрмен жабдықтау, бірыңғай төлем құжаты, қаланы сумен жабдықтау, жол инфрақұрылымы, кәріз, қатты тұрмыстық қалдықтар төңірегіндегі сауалдар қойылады.

Жалпы, елорда тұрғындары iKOMEK 109-ға хабарласып, 1 700-ден астам мекеме қызметіне қатысты жауап ала алады.

-Осы уақытқа дейін түскен арыз-шағымның қанша пайызы шешімін тапты?

Бүгінгі таңда 109 біріңғай орталығының желісі арқылы түскен өтініштердің 81%-ы тұрғындардың бір қоңырауымен ғана шешілді. Ал қалған 19% -ы инцидент ретінде тіркеліп, құзыретті мекемелерге жіберілді. Оның 95%-на жауап берілді. 

-Орталықта цифрландыруға қатысты жүзеге асырылған өзге де жобаларды айтып өтсеңіз...

Бұл орайда ситуациялық мониторинг орталығы ауқымды жұмыстарды жүзеге асыруда. iKOMEK орталығында қала аумағында орналасқан 9 мыңнан астам бейнебақылау камералары қадағаланады. Негізінен, камералар сауда-ойын-сауық орталықтары, мешіттер, автобус аялдамалары, вокзалдар сияқты көпшілік жиналатын орындарды қамтиды. Ситуациялық мониторинг орталығының операторлары қалалық бейнебақылау жүйесі арқылы жиналған қардың,  жаңбыр кезінде су басудың, ашық құдықтардың және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басқа да оқиғалардың фактілерін анықтайды. Барлық анықталған мәселелер қалалық коммуналдық қызметтермен жедел пысықталады.

Қауіпсіздіктерді жою үшін iKOMEK орталығында Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері орналасқан. 2023 жылдың басынан бастап бірлескен іс-шаралар нәтижесінде 15 669 құқық бұзушылық анықталды.

Мемлекет басшысының мемлекеттік органдардың қызметінде бюрократияны жою тапсырмасын орындау мақсатында «iKOMEK» орталығында Астана қаласы әкімдігінің жоба кеңсесі ашылды. Нәтижесінде «Астана қаласы әкімдігінің жобалық кеңсесі» платформасында ағымдағы уақытта әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері іске асыратын 189 бюджеттік инвестициялық жоба цифрландырылды. 

-Орталыққа қай мезгілде қоңыраулар көп түседі, яғни қарбалас уақыттар қашан болады? 

Желідегі қоңырауларға жасалған талдауға сәйкес, 109 біріңғай орталығы желісіне басқа маусымдармен салыстырғанда қысқы мезгілде көбірек жүктеме түсетіні анықталды. Себебі осы уақытта қалың қарды, мұз басқан аймақтарды тазалау, боранды күндерге байланысты жабылған тас жолдардың қашан ашылатындығы, мектептерде сабақтардың болу-болмауын нақтылау сынды өтініштердің дені күрт артады.

Мақсат Толықбай: Жолдау – жаңа ұлттық экономика құруды көздейді
05.09.2023 | 04:00
Мақсат Толықбай: Жолдау – жаңа ұлттық экономика құруды көздейді
Қайыржан Әбдірахманов: IT саласы мен киберқауіпсіздік қоса дамуы керек
11.10.2023 | 06:30
Қайыржан Әбдірахманов: IT саласы мен киберқауіпсіздік қоса дамуы керек
Бауыржан Серікқалиұлы: Басты міндетіміз – тазы мен төбетті халықаралық деңгейде таныту
04.10.2023 | 06:00
Бауыржан Серікқалиұлы: Басты міндетіміз – тазы мен төбетті халықаралық деңгейде таныту
Тарихи қолжазбаларды сандық форматқа көшірудің болашақ үшін маңызы зор
27.10.2023 | 06:00
Тарихи қолжазбаларды сандық форматқа көшірудің болашақ үшін маңызы зор
Асқар Тақсымов: iKOMEK-ке түскен қоңырауға 38 секундта жауап беріледі
23.10.2023 | 05:30
Асқар Тақсымов: iKOMEK-ке түскен қоңырауға 38 секундта жауап беріледі
Әлихан Смайылов:Үкіметтің алдында барынша биік, алайда қол жеткізуге болатын мақсаттар қойылды
02.09.2023 | 09:00
Әлихан Смайылов:Үкіметтің алдында барынша биік, алайда қол жеткізуге болатын мақсаттар қойылды
Жолдауда білім мен ғылым мәселелеріне басымдық берілді- Кәрімбек Құрманәлиев
02.09.2023 | 10:00
Жолдауда білім мен ғылым мәселелеріне басымдық берілді- Кәрімбек Құрманәлиев
Сәкен Есіркеп: Президенттің интернет контентке қатысты ойы заман талабынан туындап отыр
13.10.2023 | 05:00
Сәкен Есіркеп: Президенттің интернет контентке қатысты ойы заман талабынан туындап отыр
Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарына арналды – Бауыржан Смайылов
04.09.2023 | 09:00
Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарына арналды – Бауыржан Смайылов
«Хабарламалардың бірыңғай нүктесі» қызметі іске қосылады
09.10.2023 | 16:00
«Хабарламалардың бірыңғай нүктесі» қызметі іске қосылады
Барлық жаңалықтар