00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады

01.09.2023 | 06:30
67
Фото: akorda.kz

Президент бүгінгі Жолдауында су шаруашылығы жүйесін тиімді дамыту мәселесімен дербес мекеме айналысуы қажеттігін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Су үнемдейтін технологияларды енгізу – аса маңызды және шұғыл міндет. Сондықтан тиімді тәсілдер ұсыну қажет. Дегенмен біз дәл қазіргі жағдайда жаңа тариф саясатынан да аттап өте алмаймыз. Әбден ескірген инфрақұрылым әрең жұмыс істеп тұр. Сондықтан жаңа инфрақұрылым салу – өте маңызды міндет, қазіргі нарықтың талабы.

Суды нормативтен артық жұмсағандар оның ақысын жоғары тарифпен төлеуі керек. Бір сөзбен айтсақ, суды барынша үнемдеуіміз қажет. Оған қоса судың «көлеңкелі» нарығы түбірімен жойылуға тиіс. Халқымыз «Судың да сұрауы бар» деп бекер айтпаған. Су дегеніміз – үнемдеп пайдаланбаса, тез таусылатын шектеулі ресурс. Онсыз шаруалардың күні қараң. Сол себепті бұл салада заңсыздыққа жол берілмейді, - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент елімізде су шаруашылығын реттейтін арнайы ведомство болатындығын айтты.

Талапқа бағынбайтындар қатаң жазаға тартылады. Еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес. Су шаруашылығы жүйесін тиімді дамыту мәселесімен дербес мекеме айналысуы қажет деп санаймын. Сондықтан Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады, - деді Қ.Тоқаев.

Тарихи қолжазбаларды сандық форматқа көшірудің болашақ үшін маңызы зор
27.10.2023 | 06:00
Тарихи қолжазбаларды сандық форматқа көшірудің болашақ үшін маңызы зор
Сәкен Есіркеп: Президенттің интернет контентке қатысты ойы заман талабынан туындап отыр
13.10.2023 | 05:00
Сәкен Есіркеп: Президенттің интернет контентке қатысты ойы заман талабынан туындап отыр
Мақсат Толықбай: Жолдау – жаңа ұлттық экономика құруды көздейді
05.09.2023 | 04:00
Мақсат Толықбай: Жолдау – жаңа ұлттық экономика құруды көздейді
Қайыржан Әбдірахманов: IT саласы мен киберқауіпсіздік қоса дамуы керек
11.10.2023 | 06:30
Қайыржан Әбдірахманов: IT саласы мен киберқауіпсіздік қоса дамуы керек
Бауыржан Серікқалиұлы: Басты міндетіміз – тазы мен төбетті халықаралық деңгейде таныту
04.10.2023 | 06:00
Бауыржан Серікқалиұлы: Басты міндетіміз – тазы мен төбетті халықаралық деңгейде таныту
Әлихан Смайылов:Үкіметтің алдында барынша биік, алайда қол жеткізуге болатын мақсаттар қойылды
02.09.2023 | 09:00
Әлихан Смайылов:Үкіметтің алдында барынша биік, алайда қол жеткізуге болатын мақсаттар қойылды
Асқар Тақсымов: iKOMEK-ке түскен қоңырауға 38 секундта жауап беріледі
23.10.2023 | 05:30
Асқар Тақсымов: iKOMEK-ке түскен қоңырауға 38 секундта жауап беріледі
«Хабарламалардың бірыңғай нүктесі» қызметі іске қосылады
09.10.2023 | 16:00
«Хабарламалардың бірыңғай нүктесі» қызметі іске қосылады
Жолдауда білім мен ғылым мәселелеріне басымдық берілді- Кәрімбек Құрманәлиев
02.09.2023 | 10:00
Жолдауда білім мен ғылым мәселелеріне басымдық берілді- Кәрімбек Құрманәлиев
Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарына арналды – Бауыржан Смайылов
04.09.2023 | 09:00
Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарына арналды – Бауыржан Смайылов
Барлық жаңалықтар